ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2021 | 09:46
БҚО-дағы жағажайда жалаңаш би кешін ұйымдастырушы жазаланды
Бәйтерек аудандық соты БҚО Трекин ауылдық округінде жалаңаш би кешін ұйымдастырған 21 жастағы тұрғынға қатысты шешім шығарды. Оған 87 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бәйтерек аудандық соты БҚО Трекин ауылдық округінде жалаңаш би кешін ұйымдастырған 21 жастағы тұрғынға қатысты шешім шығарды. Оған 87 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, іс-шараны ұйымдастырушы екі адам екені анықталған. Екінші ұйымдастырушы әлі де полиция іздеуінде.
"Жағажай иесі ЖК рәсімдемегені анықталды. Бірақ жағажайды 21 жастағы ер адамға кеш өткізу үшін жалға берген. Оған 87 мың теңге айыппұл салынды. Тағы бір ұйымдастырушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр. Оны іздестірумен полицейлер айналысады", - деді БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұхаметқали Арыспаев.
Айта кетейік, бұған дейін жағажайда өткен кештің екі қатысушысы: 28 жастағы ер адам мен 21 жастағы қыз қамауға алынғаны хабарланған болатын. Ер адам 10 күнге, ал қыз "ұсақ бұзақылық" үшін 5 күнге қамауға алынды.
Кейін бұл оқиға жедел штаб отырысында қаралды. БҚО әкімі Бәйтерек ауданы әкіміне сөгіс жариялап, кештің барлық қатысушысын қатаң жазалауды тапсырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также