ПОДЕЛИТЬСЯ
27 маусым 2024 | 17:27
БҚО ПД ғимаратында оқ жарақатын алған полицей қаза болды
БҚО ПД ғимаратында оқ жарақатын алған полицей ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
БҚО ПД ғимаратында оқ жарақатын алған полицей ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
24 маусымда БҚО ПД ғимаратында полицейдің жарақат алғаны белгілі болды. Одан кейін ер адамның бақылау-өткізу бекетінде қызметтік қаруымен өзін атып алғаны хабарланды.
Жедел жәрдем бригадасы 21 жастағы зардап шегушіні облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Осы уақыт ішінде дәрігерлер жігіттің өмірі үшін күресті. Алайда ол есін жимай қаза болған.
"27 маусымда Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасы науқастың 27 маусымда сағат 00:00-де есін жимастан қаза болғанын хабарлады", - деп жазады "Мой город" басылымы.
Өңірдегі полиция тергеу басталғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта суицид дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - деп хабарлады Tengrinews.kz-ке БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также