ПОДЕЛИТЬСЯ
24 маусым 2024 | 14:14
БҚО ПД ғимаратында полицей оқ жарақатын алды
Батыс Қазақстан облысында оқтан жараланған полицей жансақтау бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол облыстық Полиция департаменті ғимаратындағы бақылау-өткізу бекетінде абайсызда қызметтік қарудан өзіне оқ атқан көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты былай деп пікір білдірді:
"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Өзге мәліметтер, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, жарияланбайды".
Батыс Қазақстан Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 103 пультіне оқ жарақаты туралы ақпарат сағат 07:41-де түскен.
"Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқас шұғыл түрде операцияға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол реанимацияда. Жағдайы ауыр", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также