03 шілде 2022 | 16:43

БҚО тұрғындары монша сыпырғыштары үшін миллион теңге айыппұл арқалады

Иллюстрациялық фото "МГ"

БҚО тұрғындарына монша сыпырғыштары үшін миллион теңге айыппұл салынды. Олар Қазақстанда еліміздің батысында ғана кездесетін жабайы еменнен жасалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БҚО тұрғындарына монша сыпырғыштары үшін миллион теңге айыппұл салынды. Олар Қазақстанда еліміздің батысында ғана кездесетін жабайы еменнен жасалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мәліметіне сәйкес, кәдімгі емен (Quercus robur) - Қазақстандағы тұқымның жалғыз өкілі. Соңғы ғасырларда бұл емен түптері айтарлықтай азайған.

"Соңғы бірнеше жыл ішінде мемлекеттік орман қоры аумағында емен ағаштарын заңсыз кесу әрекеттері жүргізілді. Олардан сатылымға шығатын монша сыпырғыштары дайындалады. Биыл инспекторлар 60 хаттама толтырып, 1,2 миллион теңге айыппұл салды.

Негізінен, емен кесумен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ немесе еш жерде жұмыс істемейтін адамдар айналысады. Мұндай заңбұзушылықтарға оларды емен сыпырғыштарын "сатып алушылар" итермелейді", - деп түсіндірді департамент өкілдері.

Реклама
Реклама

Орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау жағдайларында жеке тұлғаларға 100 АЕК - 306 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная