24 маусым 2019 16:06

БҚО тұрғынынан 70 дана киік мүйізі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Baq.kz © Baq.kz

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы тұрғынының автокөлігінен 70 дана киік мүйізі тәркіленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы тұрғынының автокөлігінен 70 дана киік мүйізі тәркіленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Биыл 23 маусымында полиция қызметкерлері сағат 00.20-да Казталов ауданының Казталов ауылында "ВАЗ-2121" маркалы автокөлікті тоқтатады. Автокөлікті 1992 жылғы Жәнібек ауданының тұрғыны басқарған. Автокөліктің жүксалғышын тексеру кезінде қара сөмкеге салынған 70 дана киік мүйізі табылды", - делінген хабарламада. 

Осы дерек бойынша Казталов ауданының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети