16 қаңтар 2017 | 17:47

Білім және ғылым министрлігі "мәшине" сөзінен қателік таппады

ҚР БҒМ бірінші сыныпқа арналған оқулықтағы "мәшине" сөзін қате деп таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР БҒМ бірінші сыныпқа арналған оқулықтағы "мәшине" сөзін қате деп таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқырманадар бірінші сынапқа арналған орыс тілі оқулығының суреттерін жолдады. Желі пайдаланушысы машина сөзінің қазақша аударылуына назар салды.

Реклама
Реклама

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері редакция сауалына аударма дұрыс деп жауап қайтарды. "Мәшине" сөзі қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне енгенін атап өтті ведомство өкілдері. 

"Алматыкітап" баспасынан шыққан 1 сыныпқа арналған орыс тілі оқулығы (авторлар Т. Калашникова, Р. Беспалова) қажетті мемлекеттік сараптамадан өтті және оны мемлекеттік комиссия ұсынды. Сонымен қатар, бұл оқулықты Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының терминология департаментінің мамандары қарап, бекіткен. "Мәшине" сөзінің жазылуы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты құрастырған қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне енген", - деп жауап берді министрлік өкілдері. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная