Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін ішінара мойындады

блогер Эльмира Төлегенова Мұрағаттық фото © Tengrinews.kz

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп айыпталып отырған блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін ішінара мойындады. Бүгін сот оның жауабын тыңдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп айыпталып отырған блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін ішінара мойындады. Бүгін сот оның жауабын тыңдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыс барысында Эльмира Төлегенова мен Ерболат Жанәбіловтің мүддесін қорғайтын адвокат Гауһар Айтжанова өз қорғауындағы азаматтың ұстанымын нақтылап, аталған айыптар бойынша кінәсін мойындайтынын немесе мойындамайтынын сұрады.

Сұраққа жауап берген Төлегенова заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты бөлігінде "заң бұзғанын түсінетінін" айтты.

Реклама
Реклама

"Заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты айтар болсам, әлі әкімшілік іс жүріп жатқанда, біз қол қоюдың қажеті жоқ, қылмыстық жауапкершілік болмайды деп сендік, сондықтан ол кезде қол қоймадық. Бірақ қазір, дәл осы сәтте заңды бұзғанымызды, әрине, түсінемін. Мұны мойындаймын. Шынымды айтсам, мұнда тұру маған өте ауыр. Біз бұл үшін жауапкершілік арқалауға дайынбыз", - деді ол.

Сонымен қатар Төлегенова ақшаны заңдастыру және жылыстату бабы бойынша тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Оның айтуынша, бұл айыптың қандай негізде тағылып отырғанын түсінбейді.

Анықтама: Анықтама: Блогерлерге 214-бап ("Заңсыз кәсіпкерлік") және 218-бап ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)") бойынша айып тағылып отыр.

Сотталушы өзінің сезімге тез берілетін адам емес екенін, бірақ қазіргі жағдайда қатты толқып тұрғанын айтты.

"Мен сезімге тез берілетін адам емеспін, бірақ бұл жағдайда әйел ретінде маған ауыр тиіп тұр", - деді ол көзіне жас алып.

Осыдан кейін Эльмира Төлегенова соттан үзіліс жариялауды сұрады. Үзілістен соң ол болып жатқан жайттардың оның жағдайына айтарлықтай әсер етіп жатқанын мәлімдеді.

"Бұл менің менталды, психикалық саулығыма өте қатты соққы болып тиіп жатыр. Маған бұл бапты не үшін тағып отырғаны туралы сұрақ көп. Бұл 214-бапты "ауырлату" үшін жасалғандай әсер қалдырады. Мен бұл ақшаны сыртқа шығармадым, оны шешіп алған жоқпын, бұл ақша компания ішіндегі шоттар арасында аударылды, олар есеп айырысу шотында тұр", - деді ол.

Сондай-ақ Төлегенова міндеттемелерден жалтару немесе мемлекетке қарсы шығу ниеті болмағанын баса айтты.

"Соттасқан басқа блогерлерді алсақ, апелляциялық саты - неге ол жақта бәрі аяқталды да, бізге қатысты қылмыстық қудалау жүріп жатыр?" - деп сұрады ол.

Төлегенова сол кезде заң бұзып жатқандарын түсінбегенін қоса кетті. Сондай-ақ ол тергеумен жұмыс істегенін және ақпаратты жасырмағанын атап өтті. Сөзінің соңында Төлегенова соттан істі объективті түрде қарауды сұрады.

Жанәбіловтердің ісі бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.

Еске салсақ, өткен сот отырысында блогер Ерболат Жанәбілов жауап берген болатын. Ол сотта көзіне жас алып, кінәсін ішінара мойындады.

Блогер Жанәбіловтердің соты

16 наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот талқылауы танымал блогерлер Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша. Ерлі-зайыптылар сот отырысы кезінде журналистердің видеоға түсіруіне және суретке алуына қарсы шықты.

Бұған дейін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін оқыды. Онда акциялар аясында көрсетілген ұтыстар пен сыйлықтар қатысушылардың ақшасына сатып алынғаны, алайда жарнамада ұтыс қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілген. Тергеу мәліметі бойынша, акциялар өткізілген кезеңде жобамен байланысты есепшоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен.

Айта кетейік, блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама