Блогер Шымкент әкімдігі қызметкерін бопсалап, 10 миллион теңге сұраған

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер әрі журналист ұсталған. Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен.

"Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрон құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама