Блогер Үлкен Алматы айналма жолын видеоға түсіріп көрсетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Блогер Үлкен Алматы айналма жолын видеоға түсіріп көрсетті © Alimbek ULAN

YouTube блогері Әлімбек Ұлан құрылысы жүріп жатқан Үлкен Алматы айналма жолындағы (ҮААЖ) сапарын видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.

YouTube блогері Әлімбек Ұлан құрылысы жүріп жатқан Үлкен Алматы айналма жолындағы (ҮААЖ) сапарын видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.

Блогер Ташкент тасжолындағы жолайрықтан бастап, Құлжа тасжолындағы жолайрыққа дейін жүріп өткен. Жол жүріс уақыты 40 минутқа созылған. Жол-жөнекей видео авторы өзге де жүргізушілерді кездестірген.

"Түсініксіз жалғыз нәрсе - бір жерде жүруге рұқсат етілген, бір жерде жоқ, бірақ жол ресми түрде ашылған жоқ. Бұл жолмен жүруге болатын-болмайтыны түсініксіз", - дейді ол видеода.

Реклама
Реклама

Блогер көлігімен Қарасай, Іле және Талғар аудандары аумағын аралап өткен. Жол бір бағыттағы үш жолақтан тұрады.

Айналма жол пайдалануға дайын десе де болады, дегенмен ҮААЖ-дың ресми ашылуы келесі жылы өтетін көрінеді, деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама