Блогерден қашқан видеосынан кейін прокурор жазаланды

Блогерден қашқан видеосынан кейін прокурор жазаланды видео кадры

Бас прокуратура Қонаевта блогерден қашқан прокурордың оқиғасына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура Қонаевта блогерден қашқан прокурордың оқиғасына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тексеру қорытындысы бойынша, видеода көрсетілген прокурорлар түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген Бас прокуратураның кадр қызметі департаменті редакцияның ресми сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары қашып бара жатқан прокурорды видеоға түсірген блогерлерді жауапқа тартуға шақырған болатын.

Реклама
Реклама

"Алматы облысының прокуратурасы видеоны түсірген блогерлердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерген жоқ, алайда видеода көрсетілген қызметкерлер жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа өз бетінше жүгінуге құқылы", - деп қосты Бас прокуратураның кадр қызметі департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама