03 қараша 2016 | 17:08

Блогерлер жарнама үшін ақша алатыны жайлы "құжатты" сандырақ деп атады

Желіде Қазақстандағы танымал блогерлердің жарнама үшін қанша ақша сұрайтыны көрсетілген "құжат" пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ ол қағазда ешкімнің қолы қойылмаған және қандай да бір құжатқа ұқсамайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Қазақстандағы танымал блогерлердің жарнама үшін қанша ақша сұрайтыны көрсетілген "құжат" пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ ол қағазда ешкімнің қолы қойылмаған және қандай да бір құжатқа ұқсамайды.

Айта кетейік, бұл "құжат" қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Суретте аты көрсетілген блогерлер бірауыздан бұл "құжатты" сандырақтың өзі деп атады.

Реклама
Реклама

Алғашқы бестіктің 1-орнында еліміздегі танымал блогер Ержан Рашев тұр. Онда Рашевтың жарнама үшін 500 доллардан 1000 долларға дейінгі қаражатты сұрайтыны және оның ары-бері ұшуына қаражат талап ететіні жазылған. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында блогер Ержан Рашев бұл мәліметтің нағыз сандырақ екенін және шындыққа жанаспайтынын айтты. "Сіздер білесіздер ғой, бізде ондай нарық жоқ. Ешкім де әлеуметтік желі қолданушыларынан ақша алмайды Сондықтан да мұндай әңгіменің болуы мүмкін емес. Мұнда көрсетілген мәліметтің барлығы ойдан шығарылған фантастика", - деді ол көрсетілген бағаларды мысал ете отырып.

Сонымен қатар, танымал блогер жарнама үшін қанша сұрайтынын айтуға қиналды. Рашевтың айтуынша, ол әрбір тапсырысты, әрбір жоба немесе жарнаманы жеке кездесу барысында талқылайды. "Мен жай телефонмен бағасын айта салмаймын, ол үшін кездесу қажет, талқылау қажет. Иә, мен өз парақшамда брендтер мен дүкендерді жарнамаладым. Бірақ мен қара пиармен айналыспаймын", - деді блогер.

Сондай-ақ, тізімде танымал компаниялардың жол сөмкелері мен смартфондарын жарнамалайтын Әлішер Елікбаевтің есімі көрсетілген. Ол жарнама үшін 1000 доллардан 3000 долларға дейін, оған қоса оның бизнес-класста ары-бері ұшып, тамақтануына да ақша сұрайтыны жазылған. Блогер Желіде пайда болған қағазға қатысты өз пікірін білдірді. "Менің жиіркеншек адам болғаным соншалықты - мен мұндай тізімді жасаған адамдардан ақша сұраған да емеспін және сұрамаймын да. Екіншіден, жоғарыда көрсетілген адамдармен мен бір деңгейде емеспін. Егер де сіздерге осы құжатты алып келсе, бетіне лақтырып жіберіңіздер. Мен мұны өз атымнан айтып отырмын, тізімдегі басқа адамдардың атынан сөйлеп тұрғаным жоқ. Мүмкін оларға ақша керек шығар", - деп жазды Елікбаев өзінің парақшасында.

Сондай-ақ, бұл тізімде Қазақстандағы блогерлер ассоциациясының мүшесі Ғалым Байтук бар. Желіде таралған парақшадағы мәліметтерге сәйкес, ол жарнама үшін 1000 долллардан 3000 долларға дейін сұрайды. "Енді не айтамын, бұл сандырақ, - дейді Байтук. - Өте күлкілі әрі миға кірмейтін мәліметтер. Кім мұны жазды екен. Мен Facebook парақшасында ақылы жазбаларды жарияламаймын!, - деді блогер. - Бірақ кейде тамақ туралы жазамын. Егер де мені палаумен немесе басқа да дәмді аспен тамақтандырса, мен ол жайлы жазамын. Бірақ ол үшін ақша алған емеспін. Тапсырыс бойынша қара пиармен айналыспаймын", - деді блогер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ал парақтағы тізімнің 4-орнына тұрақтаған блогер Сырым Әбдірахманов осыған қатысты пікір айтқысы келмеді. Парақтағы мәліметке қарағанда, ол әлеуметтік желідегі жазбалары үшін 50 мен 500 доллар көлемінде ақша сұрайды. Ол тілшінің қойған сұрағына бірден жауап бермеді. Онымен қоса, Сырым Әбдірахманов Tengrinews.kz тілшісінің өзі осы құжатты жасады деп күдіктенген. "Мұны сіздер өздеріңіз жаздыңыздар ма?", - деп сұрады блогер. Қойған сұрағына "жоқ" деген жауапты естіген блогер бұл қағаздың растығын дәлелдейтін қүұжаттардың бар-жоғын сұрай бастады. Дегенмен ол бұл мәліметтердің желіде тарап кетуіне байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Ол жарияланған мәліметтерді жалған деп атады. "Егер басқа сұрақтарыңыз болмаса, бұл мәселе осымен жабылды. Солай етіп жазыңыздар", - деді блогер.

Желіде таралған парақшада аты көрсетілген келесі блогер Денис Кривошеев тізімнің 5-орнына тұрақтады. Парақтағы мәліметке сәйкес, ол 500-ден 1000 долларға дейінгі көлемде ақша талап ететіні жазылған. "Ондай жағдай болған емес! Менде бірде-бір жарнама жарияланбаған", - деді бірден блогер. - Мен Facebook парақшамды сатпаймын. Мен жазбаларымның барлығын өз атымнан жазамын. Меніңше, бұл парақты жариялаған адам бізді арандатқысы келген шығар. Мүмкін бұл біреулердің пайдасына шешіледі (...)  Егер де олардың мақсаты біреудің беделін түсіру болса, мүмкін бұл сәтті қадам болды", - деді блогер Денис Кривошеев.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная