Блокбекеттегі қайғылы оқиға: зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы белгілі болды

Блокбекеттегі қайғылы оқиға: зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы белгілі болды

Алматыдағы блокбекетте болған қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен полиция қызметкерінің жағдайы жақсарып келеді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Алматыдағы блокбекетте болған қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен полиция қызметкерінің жағдайы жақсарып келеді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, бүгінде науқас жансақтау бөлімінен профильді нейрохирургия бөліміне ауыстырылған. Ауыр жарақат алған азаматтың басына дәрігерлер шұғыл түрде операция жасаған болатын.

"Науқастың қазіргі жағдайы орташа ауырлықта. Алдыңғы күнге қарағанда неврологиялық белгілерінде өзгеріс жоқ. Ем алып жатыр. Операция жасалған жараны күту және реаблитация қажет", - дейді нейрохирург Ерлан Түбелбаев. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 25 мамырда таңғы сағат 5 жарымда 1992-ші жылы туылған азамат BMW маркалы көлігімен мас күйінде блокбекеттегі полиция көлігін соғып, оқиға орнында екі полиция қызметкері қайтыс болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген еді.

"Жұмыс істей ме, жұмыстан шығарылды ма - маңызды емес". Алматы полиция басшысы блокбекеттегі апат туралы

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама