10 қаңтар 2021 10:58

Boeing апаты: Тоқаев Индонезия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

©REUTERS

Мемлекет басшысы Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Sriwijaya Air ұшағының апатынан қаза болғандарға байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.

Реклама
Реклама

"Жантүршігерлік апатта жақындарынан айрылған отбасылардың ауыр қайғысына ортақпын. Жаратушы олардың қайғыларын жеңілдетіп, қазаға ұшырағандардың жанын өзінің мейірімімен жарылқасын", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, 9 қаңтарда Sriwijaya Air ұшағы суға құлады. Sriwijaya Air жолаушылар ұшағының бортында 62 адам болған. Boeing компаниясы Индонезиялық авиакомпаниямен байланыста екенін және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram