07 қараша 2021 14:31

Бокстан ӘЧ: қазақстандық жүлдегерлерге қанша сыйақы беріледі?

© ҚБФ

Қазақстандық боксшыларға Белградта (Сербия) өткен бокстан әлем чемпионатында алған жүлделі орындары үшін қанша ақша төленетіні есептелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшыларға Белградта (Сербия) өткен бокстан әлем чемпионатында алған жүлделі орындары үшін қанша ақша төленетіні есептелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Ақшалай сыйақы бірден үш жерден төленеді.

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының ресми сыйақысы - бірінші орын үшін 100 мың доллар, екінші орын үшін 50 мың және қола үшін 25 мың доллар.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік бюджеттен де төлемдер бар - сәйкесінше 15, 7 және 5 мың доллар. 

Сондай-ақ, боксшыларға Қазақстан бокс федерациясынан бірінші орын үшін 70 мың доллар, екінші орынға 50 мың және үшінші орын үшін 30 мың доллар беріледі.

Осылайша, әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әрқайсысы 185 мың доллардан, яғни шамамен 79,4 миллион теңгеден алады.

Күміс жүлдегерлер Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржанов 107 мың доллардан немесе 45,9 миллион теңгеден алады. 

Қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповтің сыйақысы - 60 мың доллар немесе 25,7 миллион теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram