"Болашақ" бағдарламасымен оқып, елге қайтпай қалғандардың Қазақстанға қанша қарыз екені белгілі болды

© Тұрар Қазанғапов

"Болаша?" ба?дарламасы бойынша о?ып, елге ?айтпай ?ал?ан стипендиаттарды? жалпы ?арызы 1,9 миллиард те?геге жеткен. Б?л туралы "Халы?аралы? ба?дарламалар орталы?ы" А? президенті Жанболат Мелдешев м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып, елге қайтпай қалған стипендиаттардың жалпы қарызы 1,9 миллиард теңгеге жеткен. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Жанболат Мелдешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2005 жылдан бері шәкіртақы саны көбейіп, 3 мыңға жетті. 2005 жылдан бері шәкіртақы алып, елге оралмай қалғандардың саны - 155 адам. Олардың қарызы - 1,9 миллиард теңге. Шамамен 500 миллионы қайтарылды. Бұл адамдардың ақшаны қайтару бойынша мәселесі жоқ", - деп түсіндірді Мелдешов.

Оның айтуынша, 2016 жылы бағдарламаны жүзеге асыру аясында жоғары мамандандырылған кадрларды дайындауға 231 шәкіртақы берілген. Қазіргі уақытта 25 елде 1 277 стипендиат оқып жатыр. 23 жылдан бері "Болашақ" бағдарламасы бойынша ұлттық экономика салаларында 9 339 маман дайындалған, олардың 2 мыңнан астамы инженерлер, екі мыңға жуығы мектеп және ЖОО оқытушылары, ел өңірлерінің 600 дәрігері, 400 мемлекеттік қызметкер, шығармашылық саласындағы 200 жұмысшы және ұлттық және жеке компаниялардың екі мыннан астам маманы.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама