21 қаңтар 2022 14:41

"Болашағыңызды Қазақстанмен байланыстырсаңыздар". Тоқаев кәсіпкерлерге ескерту жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тапқан ақша елде жұмсалуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тапқан ақша елде жұмсалуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы мемлекет барлық инвестициялық міндеттемесін бұлжытпай орындайтынын тағы да баса айтты. Үкімет инвестициялық міндеттемелердің орындалуына талдау жүргізуі керек.

"Шетелдік инвестициялар үшін күрес шиеленіскен қазіргі жағдайда ішкі резервтерге барынша сенім артуымыз керек. Әңгіме отандық компаниялардың қаражаты туралы болып отыр. Болашағыңызды Қазақстанмен байланыстырсаңыз, онда өз қаражатыңызды елге қайта инвестициялауыңыз керек. Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершілігіңіз - осы. "Осында ақша табамын, басқа жақта жұмсаймын" деген қағидат бұдан былай болмауы керек", - деді Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде.

Реклама
Реклама

Президенттің айтуынша, бұл ретте жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіледі: капиталды елге қайтару немесе капиталды елге қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ оффшорға қаржы кетуіне тосқауыл қою.

"Мұндай механизмдер әлемнің көптеген елінде қолданылады, біз де осы бағытта жүруіміз керек. Бұл жерде банктерді осы жұмысқа қалай тарту керек екенін түсіну қажет. Қаражат нарықтағы алыпсатарлыққа емес, нақты экономика айналымына түсуі керек.

Кәсіпкерлеріміз өздерінің тікелей және басты қызметі ретінде нақты бизнес-жобаларға несие бере бастауы үшін нені түзету керек? Әрине, сұрақ қиын, оны түсінемін, бірақ оны шешу керек. Қазір бұл - экономикалық өзгерістердің негізгі тежегіші", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы табиғи байлығымызды барынша тиімді пайдалану қажет екенін айтты.

Үкіметке барлық кен орнына тексеру жүргізу, шетелдік және жергілікті инвесторларды тарта отырып, оларды одан әрі игеру үшін пайдаланылмайтын кен орындарын анықтау тапсырылды.

"Егер кен орны болашақта пайдаланылса, оны алу керек және ақша салуға дайын адамға беру керек. Жұмыс істемейтін активтер туралы оларды экономикалық айналымға тарту туралы айтсақ, онда бұл мәселеге байыппен қарау керек. Мен банктер тарапынан осындай мұздатылған активтерді сатып алуға заңды түрде уәкілеттік берілген субъектілер шеңберін кеңейтуге болады деп санаймын", - деді Тоқаев.

Қаржылық реттеу агенттігіне үкіметпен бірлесе отырып, цифрлық платформа мен инфрақұрылымды құру, дағдарысқа ұшыраған активтерді сатып алу-сату бойынша нарық қалыптастыру, оларды сатып алу үшін жеңілдіктер, оның ішінде салықтық жеңілдіктер жасау тапсырылды.

"Елге инвестиция тартудың тағы бір бағыты мемлекеттік жеке серіктестікті қайта жаңғырту болуы тиіс. Бүгінде бұл тетік мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өту құралына айналды. Шамадан тыс артықшылықтар негізсіз беріледі. Міндеттер, кепілдіктер, тәуекелдер мен кірістер бастамашылар мен мемлекет арасында тепе-тең бөлінуі тиіс", - деді Президент.

Үкімет мемлекеттік жеке серіктестікке қатысты жаңа заманауи тәсілдерді әзірлеуі керек екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram