01 наурыз 2019 12:03

"Болашақ" шәкіртақысына іріктеу ережесі өзгереді

Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі үкімет қаулысының жобасын дайындады, енді "Болашақ" шәкіртақысына іріктеу ережесі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі үкімет қаулысының жобасын дайындады, енді "Болашақ" шәкіртақысына іріктеу ережесі өзгереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, жаңа редакция бойынша, байқауға Қазақстан Республикасының 50 жастан аспаған (құжатты өткізу кезінде), арнайы жоғары білімі немесе бакалавр дәрежесі бар және құжаттарды қолданыстағы ереженің талаптары мен шарттарына сай өткізген азаматы ғана қатыса алады.

Реклама
Реклама

Қазіргі редакция бойынша Қазақстан Республикасының арнайы жоғары білімі немесе бакалавр дәрежесі бар және құжаттарды қолданыстағы ереженің талаптары мен шарттарына сай өткізген кез келген жастағы азамат қатысады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram