05 шілде 2022 13:19

Болат Жәмішев "Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесіне кірді

Болат Жәмішев. Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев Директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі акционерлік қоғамның сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев Директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі акционерлік қоғамның сайтына сілтеме жасап.

"Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына енгізу - "Самұрық-Қазына" қорының қызметіне бақылауды арттыру бағдарламасының бір бөлігі", - делінген хабарламада.

"Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесі 2021 жылдың желтоқсанында үміткерлерді конкурстық іріктеу арқылы құрылды. Оның құрамында он адам бар: азаматтық қоғамның жеті өкілі және қордың үш өкілі. Кеңес бас қордың да, оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңес мүшелерінің жұмысы қоғамдық негізде құрылған.

Реклама
Реклама

Әр жылдары Болат Жәмішев қаржы министрі, өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Ол қаңтардың ортасынан бері Президент тапсырмасымен құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорын басқарады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram