Болат Назарбаевтың бұрынғы зауытының мүлкі мемлекетке қайтарылады

Фото saliqaly.kz, gov.kz

Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы зауыт мүлкін заңсыз сату деректерін анықтаған болатын.

"Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді. Талап-арыздың мазмұны зауытқа 37 гектардан аса жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 болатын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды.

Айта кетейік, бұған дейін зауыттың 31,9 пайызы Болат Назарбаевқа тиесілі болған. 2007 жылы "Темір Кон" ЖШС мемлекеттік пакеттің 31,9 пайызын қоса алғанда, "АЗТМ" АҚ акцияларының 86,78 пайызын Болат Назарбаевқа сатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама