08 мамыр 2020 15:28

Болат Өтемұрат қоры су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үй салуға 6 миллион доллар бөлді

Фото: ТЖК

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Болат Өтемұратов қорының қаржыландыруымен 150 тұрғын үй салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Болат Өтемұратов қорының қаржыландыруымен 150 тұрғын үй салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қайырымдылық ұйымның құрылтайшысы Болат Өтемұратов Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 150 үй салу үшін 6 миллион доллар бөледі.   

Реклама
Реклама

Үйлер аудан орталығы Мырзакент қаласының жаңа шағын ауданында салынады. Мұнда баспаналары бұзылған Достық, Жаңа тұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары көшіріледі.

Жаңа шағын ауданға коммуникация тартылып, балабақшалар мен мектептер салынады.

Өткен жылы Болат Өтемұратов қоры Қызылорда қаласында 100 көпбалалы отбасы үшін және Арыс қаласында жарылыстан зардап шеккен 100 отбасы үшін тұрғын үй салуды қаржыландарды. Жобаларға жұмсалған жалпы сома 1,3 миллиар теңгені құрайды.

Мақтаарал ауданында 21 шақырым жерге бөгет салынды.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram