Бөлтіріктерді қорлап өлтіргендер ұсталды

© Facebook

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының табиғатты қорғау полициясы шілдеде бөлтіріктерді қорлап өлтірген ер адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бөлтіріктердің аяусыз өлтірілгені видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде 13 шілдеде жарияланған болатын.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мойынқұм аудандық табиғатты қорғау полицейлері жергілікті екі тұрғынды ұстады, олар 19 және 22 жаста. Тергеу барысында олар кінәларын мойындап, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, оларға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін (500 АЕК - шамамен 1 миллион теңге) немесе тоқсан күнге дейін қамауға алынады.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, видео әлеуметтік желілерде 13 шілдеде жарияланған болатын. Кадрдан белгісіз үш ер адамның даладан табылған алты бөлтірікті қорлап өлтіргенін көруге болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news7
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама