ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2024 | 08:24
Боран және аяз: 12 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, бүгін, 12 қарашада еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болады және тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, бүгін, 12 қарашада еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болады және тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні - 17-22 м/с. Қонаевта 12 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Қарағанды облысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман. Қарағандыда түнде жаяу бұрқасын.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар мол жауады. Бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Өскеменде жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Абай облысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні - 23 м/с. Семейде түнде және таңертең жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также