Боран және көктайғақ: 23 ақпанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Боран және көктайғақ: 23 ақпанда ауа райы қандай болады? Фото © Tengrinews.kz

23 ақпанда еліміздің солтүстік-батысында ауа температурасы күрт төмендеп, 25–37 градусқа дейін аяз болады. Кейін солтүстік, шығыс және орталық өңірлерге де таралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 ақпанда еліміздің солтүстік-батысында ауа температурасы күрт төмендеп, 25–37 градусқа дейін аяз болады. Кейін солтүстік, шығыс және орталық өңірлерге де таралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада түнде және күндіз -15…-17 градус. Ара-тұра қар, боран, көктайғақ. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Алматыда түнде -1…+1 градус, тұман. Күндіз +9…+11 градус, жаңбыр жауады.

Реклама
Реклама

Шымкентте түнде 0…+2 градус. Күндіз +10…+12 градус, жауын-шашынсыз.

Өңірлер бойынша

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстары – қар, боран, кей жерлерде қатты жел. Түнде -20…-28 градус дейін суытады.

Батыс Қазақстан, Атырау – жауын-шашынсыз, түнде -10…-23 градус, күндіз -12…+2 градус аралығы.

Шығыс Қазақстан, Абай облысы – қар, боран, көктайғақ. Түнде -5…-13 градус, күндіз -7…+2 градус.

Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары – жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, таулы аймақтарда көктайғақ. Күндіз +3…+12 градус.

Маңғыстау облысы – батысында жаңбыр, күндіз +3…+8 градус.

Қызылорда облысы – жауын-шашынсыз, күндіз 0…-2 градус.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама