16 қазан 2020 | 14:50

Боран және көктайғақ. Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда 17-19 қазанда күн күрт салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 17-19 қазанда күн күрт салқындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

Аптаның соңында республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады. Ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Тек елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен циклон жырасы әсер етеді, бұл жауын-шашын, желдің күшеюін, сондай-ақ ауа температурасының одан әрі көтерілуіне әкеледі.

Реклама
Реклама

Алайда 18 қазанда солтүстік-батыс антициклонының келуінен туындаған суық елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына түседі. 19 қазанда ол елдің орталығы мен шығысына жетеді.

Ауа температурасының күрт төмендеуінен түнгі уақытта 0-8 градусқа дейін аяз, күндіз 5-15 жылы болады, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жылы және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная