ПОДЕЛИТЬСЯ
09 желтоқсан 2022 | 11:38
Боран, тұман және 35 градус аяз: Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
"Түнде ауа температурасы батыста 7-20-дан 5-15 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 18-30-дан 12-22 градус аязға дейін, кей жерлерде 17-30-дан 10-26 градус аязға дейін көтеріледі деп күтіледі. Солтүстікте, орталықта 20-30-дан 18-28 градусқа дейін аяз, республиканың шығысында 15-35-тен 12-25 градусқа дейін, оңтүстікте 10-30-дан 7-20 градусқа дейін, оңтүстікте, республиканың шығысында негізгі ауа температурасы түнде 12-25 градус аяз шамасында болады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также