23 желтоқсан 2022 | 12:37

Боран, тұман және көктайғақ. Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтары ғана Атлант циклонының әсерінен қарлы, боранды болады.

24 желтоқсанда күндіз республиканың солтүстігінде көктайғақ болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Реклама
Реклама

"Демалыс күндері ауа температурасы аздап төмендейді. Батыста түнде -3-8 градустан -8-13 градусқа дейін аяз, Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында -5-13 градустан -10-25 градусқа дейін аяз, шығыста -15-23 градус аяздан -10-18 градус аязға дейін ауытқиды, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста біртіндеп 5-25 градустан 0-15 градус аязға дейін көтеріледі1, - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная