Боранбаев Астана орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді мемлекет меншігіне тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Боранбаев Астана орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді мемлекет меншігіне тапсырды видео кадры

Қайрат Боранбаев Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді мемлекет меншігіне тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Боранбаев Астананың орталығындағы 4 жұлдызды қонақүйді мемлекет меншігіне тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында ҚМА Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдап жатыр.

"Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 миллирад теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді. Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 миллион теңгеге жуық", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланған.

Активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама