ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қазан 2023 | 15:02
Боранбаев кен орнын, газ компаниясы мен зауытты мемлекетке қайтарды
Боранбаев кен орнын, газ компаниясы мен зауытты мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне (ҚМА) сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Боранбаев кен орнын, газ компаниясы мен зауытты мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне (ҚМА) сілтеме жасап.
ҚМА Қайрат Боранбаевтың тергеумен ерікті ынтымақтастығы аясында оның мүлкін мемлекет кірісіне қайтару шараларын қабылдап жатыр.
"Қаражанбас Северный" кен орны мемлекет меншігіне өтті, оның өндірістік параметрлері - құны 35,4 миллиард теңге болатын 2,6 миллион тонна мұнай және 13,2 миллион текше метр газ бар 143 ұңғыма. Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын "Азия Газ Чунджа" газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 миллиард теңгеге жуық. Сонымен қатар, құны 9 миллиард теңге болатын "Сервисный Центр КазТурбоРемонт" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді", - дедінген хабарламада.
Кәсіпорын жұмысшыларының саны - 740 адам. Бұл нысандардың барлығы мемлекеттік пайдасына өтеді. Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен, оның ішінде шетелден алынған активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также