ПОДЕЛИТЬСЯ
02 мамыр 2024 | 10:35
Боранбаевтың бұрынғы қонақүйі үшін шамамен 4 миллиард теңге төленді
Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені бойынша аукцион өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені бойынша аукцион өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аукцион Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастамасымен өтті және қонақүйді сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер түрінде өтті. Қонақүйдің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарна 587,9 миллион теңге болады.
Тендер шарты бойынша, тіпті бір қатысушыға да сатылымға рұқсат етілген. Нәтижесінде жеңімпаз 3 920 000 000 теңгеге қонақүй кешенін өз басқаруына алды.
Боранбаевтың бұрынғы қонақүйін сату мүмкін болмады
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также