Боранға байланысты Қазақстанда ет бағасы шарықтап кетті - Ауыл шаруашылығы министрлігі

Боранға байланысты Қазақстанда ет бағасы шарықтап кетті - Ауыл шаруашылығы министрлігі © Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылы?ы вице-министрі ?айрат Айту?анов ?аза?станда ет ба?асыны? ?сіп кетуі елдегі ауа райыны? ?олайсызды?ынан болды деп м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстанда ет бағасының өсіп кетуі елдегі ауа райының қолайсыздығынан болды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Меніңше ет бағасы күрт өсті. Біріншіден сұраныс артты, одан кейін ауа райы әсер етті. Боран болды. Көтерме базарларда ет жетіспеген кезде саудагерлер бағаны көтереді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бағаны көтермейді, көтеретін алып-сатарлар", - деді Айтуғанов Сенат депутаттарымен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Вице-министрдің сөзінше, тауық жұмыртқасына қатысты да осындай жағдай болып отыр. "Өндірушілер бағасы мен саудагерлер қоятын баға түрлі болып келеді. Жеке саудагерлер бағаны көтеріп жібереді", - дейді ол.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама