15 ақпан 2017 14:18

Боранға байланысты Қазақстанда ет бағасы шарықтап кетті - Ауыл шаруашылығы министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстанда ет бағасының өсіп кетуі елдегі ауа райының қолайсыздығынан болды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстанда ет бағасының өсіп кетуі елдегі ауа райының қолайсыздығынан болды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Меніңше ет бағасы күрт өсті. Біріншіден сұраныс артты, одан кейін ауа райы әсер етті. Боран болды. Көтерме базарларда ет жетіспеген кезде саудагерлер бағаны көтереді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бағаны көтермейді, көтеретін алып-сатарлар", - деді Айтуғанов Сенат депутаттарымен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Вице-министрдің сөзінше, тауық жұмыртқасына қатысты да осындай жағдай болып отыр. "Өндірушілер бағасы мен саудагерлер қоятын баға түрлі болып келеді. Жеке саудагерлер бағаны көтеріп жібереді", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети