Бөтелкесі 3 миллион теңге: Көктөбедегі мейрамханалар алкогольді лицензиясыз сатқан

Бөтелкесі 3 миллион теңге: Көктөбедегі мейрамханалар алкогольді лицензиясыз сатқан © pixabay.com

К?кт?бедегі ?ымбат мейрамханалар алкоголь ?німдерін лицензиясыз сат?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?аласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер бас?армасына сілтеме жасап.

Көктөбедегі қымбат мейрамханалар алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасап.

"Мейрамханалар мен Көктөбе саябағының аумағында орналасқан дәмханаларды тексеру барысында алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатып алу деректері анықталды. Бұл қоғамдық орындарда танымал маркалардың алкоголь өнімдері берілген - ең қымбат алкогольдің бөтелкесі үш миллион теңге тұрған. Іс материалдары әкімшілік айыппұл салу мен алкоголь өнімдерін тәркілеу үшін сотқа жолданды", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін лицензиясыз сатып алған кәсіпкерлерге 25 айлық есептік көрсеткіш (60 125 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екені айтылады.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама