17 қараша 2020 | 19:37

Бозжыра аумағында салынатын қонақүй: Тоқаев Үкіметке тапсырма берді

Фото: facebook.com/Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бозжыра аумағында салынатын қонақүй құрылысына қатысты  тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бозжыра аумағында салынатын қонақүй құрылысына қатысты  тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Реклама
Реклама

7 қарашада желіде Бозжыра шатқалы ауданында құрылыс техникасы түсірілген видео пайда болды. Сол күні Маңғыстауда Rixos Water World Aktau отелін іске қосқан инвесторлар облыс аумағында "Бозжыра сафари-отель" бутик-отелінің бірегей жобасын іске асыруды ұсынғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная