ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сәуір 2022 | 12:53
Бозымбаев "Алтын Орда" базарына жүргізілген тексеріс туралы айтты
"Алтын Орда" базарында бұзылмаған бірде-бір заң жақ, оның ішінде көші-қон заңнамасы да. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Алтын Орда" базарында бұзылмаған бірде-бір заң жақ, оның ішінде көші-қон заңнамасы да. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әңгіме барысында өңір басшысы Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарын тексерістің алдын ала қорытындысына тоқталды.
"Қазіргі Бас прокурор Берік Асылов нақты қарап, мән-жайын анықтап, соған сәйкес тапсырмалар берді және облыстық прокуратураның қамқоршылығымен санитарлық-эпидемиологиялық станция, сәулет қадағалау, жер, экология, салық органдары және т.б. - бәрі тексеруге кірісті ("Алтын Орда" базарын - еск.). Қорытынды актілер жоқ, бірақ алдын ала нәтиже бар. Санитарлық, экологиялық, құрылыс және төтенше жағдай нормаларының көптеген заң бұзу дерегі анықталды. Жалпы, бұзылмаған бірде-бір заң жоқ. Соның ішінде көші-қон заңнамасы - жақында тағы бір рейс жасалды, қайтадан заңсыз келген 250 мигрант анықталды. Сондықтан, әрине, бұл базарда тәртіп орнату қажет", - деді ол.
Әкім базарда орналасқан ғимараттардың жартысы заңсыз салынғанын қосты.
"Ешқандай санитариялық талаптар сақталмаған, мигранттар мен гастарбайтер тұратын көп жатақхананың лай суы тікелей өзенге құйылады", - деді Қанат Бозымбаев.
Еске салайық, ақпанның басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также