19 қараша 2018 | 12:43

Бозымбаев Шкарупаның қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Анатолий Шкарупаның қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Анатолий Шкарупаның қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Шкарупаның әзірше ресми түрде қызметінен босатылмағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Онда келісім ұзақ уақыт жасалады ғой - кеңсе (премьер-министрдің - автор.), Президент Әкімшілігі. Бірақ Шкарупа өтініш жазды, мен ол өтінішті өткен аптада премьер-министр мен Президент Әкімшілігіндегілерге жолдадым", - деді энергетика министрі.

"Оның ұсталғанын білесіз бе?" деген сұраққа Бозымбаев білетінін айтты.

Шкарупа қызметінен кеткісі келеді - Бозымбаев

Еске сала кетейік, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптаған болатын. "Таяуда тағайындалған вице-министр Анатолий Шкарупаға заң тұрғысынан қатаң айып бар, Саран қаласының бұрынғы әкімі (Қарағанды облысы - авт.). Оның 2015 жылы орталық жылытуы жоқ Саран қаласына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар", - деген еді Қожамжаров Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында.

Анатолий Шкарупа 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "отын-энергетика кешені саласындағы экономика және менеджмент, инженер-экономист" мамандығы бойынша, 2016 жылы "Қазақ гуманитарлық-заң университетінің" "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная