08 қараша 2018 10:37

Бозымбаев вице-министр Шкарупаға тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Анатолий Шкарупаға тағылған айыптың оның министрліктегі қызметіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Анатолий Шкарупаға тағылған айыптың оның министрліктегі қызметіне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ештеңе білмеймін, бірінші рет естіп тұрмын. Бұл жағдайдың тек 2015 жылы болғанын естідім. Ал Шкарупа бізге бір ай бұрын келді", - деді министр.

Реклама
Реклама

Бозымбаев вице-министрлердің үкіметтің қаулысы бойынша тағайындалатынын айтып өтті.

"Вице-министрлерді министрлер тағайындамайды. Ол тәжірибелі адам, өздері шешеді деп ойлаймын", - деді энергетика министрі.

Еске сала кетейік, Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптаған болатын. "Таяуда тағайындалған вице-министр Анатолий Шкарупаға заң тұрғысынан қатаң айып бар, Саран қаласының бұрынғы әкімі (Қарағанды облысы - авт.). Оның 2015 жылы орталық жылытуы жоқ Саран қаласына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар", - деген еді Қожамжаров Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында.

Анатолий Шкарупа 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "отын-энергетика кешені саласындағы экономика және менеджмент, инженер-экономист" мамандығы бойынша, 2016 жылы "Қазақ гуманитарлық-заң университетінің" "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1998 жылы "KEGOK" ААҚ-да жетекші маман болып бастады, онда 2005 жылға дейін бөлім басшысы, Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары қызметтерінде еңбек еткен.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram