Бозымбаев Астананы тұмшалаған түтіннің себебін айтты

© Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі ?анат Бозымбаев елорданы газдандыру бойынша жоспарларды айта отырып, Астанада к?мір отынын ?олдану то?татылса, ?алада т?тінні? болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елорданы газдандыру бойынша жоспарларды айта отырып, Астанада көмір отынын қолдану тоқтатылса, қалада түтіннің болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр үкімет отырысынан тыс уақытта Астанадағы түтіннің оған да қолайсыздық жасап жатқанын айтып өтті. Алайда ол "Жасыл белдеу" жобасының қаланың газбен ластануына себепші болмайтынын айтты.

"Мұнда шешім - отынды ауыстыру, яғни, Астанада көмір отынын қолдануды тоқтату. Бірақ бұл үшін тиімді бағамен газ әкелу керек. Осыған байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірінші вице-премьер осы мәселені талқылап жатыр. Қостанайда немесе Ақтөбеде сұйытылған табиғи газ шығаратын зауыт ашып, сосын оны осында жеткізіп тұру керек", - деп ұсынды министр.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, оның айтуынша, "ҚазТрансГаз" ұсынып отырған газ құбыры құрылысынан кейін жылу бағасы айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Сондықтан ол қазір басқа да нұсқалардың қарастырылып жатқанын айтып өтті.

Бозымбаев, сонымен қатар, қаладағы түтіннің пайда болуына жылу орталығын кінәламауды айтты. Айтуынша, бұған себеп көбіне жеке секторлардың шығарып жатқан қоқыстары.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама