Бір ай бұрын жоғалып кеткен Орал тұрғыны өлі табылды

Фото:depositphotos.com

27 маусымда жоғалып кеткен Орал қаласының тұрғыны Жеткерген Жамбулов өлі табылды. Полицейлердің мәліметінше, 21 жастағы жігітті біреулер өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жігіт "Строитель" шағынауданындағы үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған. Жігіттің туыстары полицияға арыз түсірген. Тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын бастады, бірақ Жеткергенді таба алмады.

"Адам өлтірді" деген күдікпен Бәйтерек ауданының тұрғыны ұсталды, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз өлі табылған болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама