01 наурыз 2024 | 17:40

Бір ай бұрын суға батып кеткен қазақстандықтың денесін балықшылар тапты

Фото: Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды ​​облысында 3 ақпанда суға батып кеткен балықшының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысында 3 ақпанда суға батып кеткен балықшының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Облыстық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Осакаров ауданына қарасты Сәтбаев каналы бойындағы Молодежный ауылынан 20 шақырым жерде суға батып кеткен 39 жастағы ер адамның денесі шығарылды. Оның денесін балықшылар тауып алып, құтқарушыларға хабарлаған.

Еске салайық, 3 ақпанда Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға түсіп кеткен. Екі ер адам сыртқа шығып үлгерген. Көлік өзен түбінен шығарылды, бірақ үшінші балықшы ішінде болмаған.

Реклама
Реклама

Іздестіру жұмыстары үш күн бойы сүңгуір жабдықтары мен су астындағы қашықтықтан басқарылатын тексеру кешенін қолдану арқылы жүргізілді. Ақпанның басында ауа райының қолайсыздығына байланысты суға батқан адамды іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная