Бір-бірімізге дайын сұрақтарды қоятынымыз ұят - министр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Семей қаласының тұрғындарымен кездесуде Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оған алдын ала дайындалған сұрақтарды қоймауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей қаласының тұрғындарымен кездесуде Оқу ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оған алдын ала дайындалған сұрақтарды қоймауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындармен кездесуде министрден мектепте қандай үйірмемен айналысқанын сұрады. Асхат Аймағамбетов оған алдын ала дайындалған сұрақтарды қоймауға шақырды.

"Мұндай сұрақтар қойылмауы керек. Біз Жаңа Қазақстан туралы айтып, әділ Қазақстанды құруға тырысып жатырмыз. Бұл ең алдымен білім беру секторынан басталады. Сондықтан бір-бірімізге дайын сұрақтар қою ұят. Проблемалық сұрақтар бар ғой, неге соларды қоймайсыздар? Мектептегі материалдық-техникалық базаға қатысты, оқулықтар мен оқу бағдарламаларына, аттестацияға қатысты мәселелер бар. Бізге соларды қойыңыздар, біздің сапарымыздың басты мақсаты – келу, ашық сөйлесу. Кез келген сұраққа жауап беруге дайынмын", - деді министр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная