30 қараша 2022 | 08:49

Бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен жігіт табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қостанайда полицейлер бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы жігітті тауып, отбасына қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда полицейлер бір жыл бұрын Астанада жоғалып кеткен 23 жастағы жігітті тауып, отбасына қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ол 2022 жылдың 21 қаңтарында түс ауа елордадағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Жоғалған жігіттің әпкесі полицияға хабарласқан. Оны іздеуге Астана полициясының жеке құрамы жұмылдырылып, іздеу ісі қозғалды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған адамның болуы мүмкін жерлерін тексеріп, оны соңғы рет көрген адамдардан сұхбат алды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Қостанайда аспаз болып жұмыс істеп, жалдамалы пәтерде тұрған елорда тұрғыны табылды.

Реклама
Реклама

Ол құмар ойында ұтылған ақшаға қарыз болып үйден кеткенін айтқан. Басылым мәліметінше, бұл жас жігіттің үйінен бірінші мәрте кетуі емес. Ол құмар ойынды бұрыннан ойнаған.

"Мен тергеушілер Ерболат Жанұзақов пен Айдар Қалиевке қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Осы уақыт бойы полицейлер жиенімді іздеуді тоқтатпай, оны отбасына қайтарды", - деп бөлісті жігіттің ағасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная