15 маусым 2018 | 13:08

Бір жылда Қазақстан халқының саны 1,3 пайызға өсті

© Dreamstime.com

Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2018 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 232,0 мың адамға жетті.

Реклама
Реклама

"Соның ішінде қалалықтар - 10 492,2 мың (57,5 пайызы), ауылдықтар - 7 739,8 мың адамды (42,5 пайыз). 2017 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 238,5 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі АХАТ органдарына сілтеме жасай отырып, 2018 жылғы қаңтар-сәуірде туылғандар саны 124,3 мың адамға жеткенін айтады. Айтуларынша, бұл 2017 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 2,4 пайызға көп. 

2018 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 2,3 мың адамға немесе 3,1 пайызға көбейіп, 79,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,24 адам болды.

Ал 2018 жылғы қаңтар-сәуірде қайтыс болғандар саны - 44,8 мың адам. Бұл 2017 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,1 пайызға көп екен. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,46 қайтыс болғандарды құрады.

 

Сондай-ақ, министрліктегілердің мәліметінше, 2018 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейінгі 1095 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 3,9 пайызға көбейген.

"Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтар-сәуірде 506 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,2 пайыз құрады. Туа біткен ауытқулардан 239 немесе 21,8 пайыз, тыныс органдары ауруларынан - 89 немесе 8,1 пайыз, инфекциялық пен паразитарлы аурулардан - 55 нәресте немесе 5 пайыз және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 50 немесе 4,6 пайыз нәресте қайтыс болды", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная