16 қараша 2018 | 10:41

Бір жылда Қазақстан халқының саны 237 мың адамға өсті

Қазақстан халқының саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан халқының саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистика комитетіндегілердің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар - 10 597,2 мың (57,8 пайыз) және ауылдықтар - 7 737,1 мың адамды (42,2 пайыз).

Реклама
Реклама

"2017 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Ең көп өсім республикалық маңызы бар қалаларда: Шымкент қаласы (67 429 адам), Алматы қаласы (55 139 адам) және Астана қаласында (40 113 адам) тіркелді", - деді комитеттегілер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная