Бір жылға дейін кейінге қалдыру: прокурор Жанәбіловтердің ісі бойынша ұстанымын айтты

Эльмира Төлегенова Фото © Tengrinews.kz

Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісіне қатысты сот процесі мәресіне жақындады. Жұма, 24 сәуірде сотталушылар соңғы сөздерін айтуы тиіс, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісіне қатысты сот процесі мәресіне жақындады. Жұма, 24 сәуірде сотталушылар соңғы сөздерін айтуы тиіс, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін журналистер прокурор Олжас Хайруллаевтан мемлекеттік айыптау тарапының ұстанымын түсіндіруді сұрады. Бұған дейін сот жарыссөзі барысында ол Эльмира Төлегеноваға жазаны орындауды бір жылға шегере отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес, 14 жасқа толмаған балалары бар әйелдер үшін жазаны кейінге қалдыру мерзімі бес жылға дейін болуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

"Бес жылға дейін кейінге қалдыру қарастырылған. Біздің ұстанымымыз - бір жылға дейін", - деп түсіндірді Хайруллаев.

Журналистердің "Төлегенованың үш кішкентай баласының болуы айыптау тарапының ұстанымын өзгерте ме?" деген нақтылау сұрағына прокурор бұл жағдайлардың барлығы ескерілгенін айтты.

"Мұның бәрі ескерілді. Бұл - менің ұстанымым. Соңғы шешімді сот қабылдайды", - деді ол.

Заң консультанттары палаталары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Фарид Әлиев Tengrinews.kz тілшісіне мұндай ұстанымның заңнамаға сәйкес келетінін айтты.

"Бұл жерде таңғалатын ештеңе жоқ, 74-баптың нормасы бұған жол береді", - деді Әлиев.

Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жазаны өтеуді кейінге қалдыру қарастырылған:

  • жүкті әйелдер үшін - бір жылға дейін;
  • жас бала тәрбиелеп отырған әйелдерге, сондай-ақ жас баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ерлерге - бес жылға дейін (бірақ бала 14 жасқа толғаннан аспайтын мерзімге).

Бүгін блогер Жаңәбіловтер сотта соңғы сөздерін айтуы тиіс болатын, алайда Төлегенова сотқа келмеді, Жаңәбіловтер адвокатының хабарлауынша - денсаулық жағдайына байланысты. Осыған себепті сот процесі ертеңге ауыстырылды.

Жанәбіловтерге қандай айып тағылды?

Танымал блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік" және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылған.

Прокурор блогерлерге қандай жаза сұрады?

Сот жарыссөзі барысында мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев екі сотталушыны да тағылған барлық бап бойынша кінәлі деп тануды және мүлкін тәркілей отырып, ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл ретте Эльмира Төлегенованың кішкентай балалары болуына байланысты оған қатысты үкімнің орындалуын бір жылға шегеру ұсынылды.

Блогер Жанәбіловтердің соты

16 наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Ерлі-зайыпты сот отырысы кезінде журналистердің видео және суретке түсіруіне қарсы шықты.

"Үлкен балам мектепке барады, балама жеке өмірімізге қатысты орынсыз сұрақтар қойылады", - деп Төлегенова мұндай шешімнің себебін журналистерге түсіндірді.

Блогерлердің адвокаты сот талқылауын жабық режимде өткізу туралы өтініш білдірді, прокурорлар бұған қарсылық білдірді. Нәтижесінде сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Сондай-ақ сот отырысы кезінде Жанәбіловтердің адвокаты соттан істі прокурорға қайтаруды сұрады.

Бұған дейін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін оқыды. Онда акциялар аясында көрсетілген ұтыстар пен сыйлықтар қатысушылардың ақшасына сатып алынғаны, алайда жарнамада ұтыс қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілген. Тергеу мәліметі бойынша, акциялар өткізілген кезеңде жобамен байланысты есепшоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен.

22 сәуірде Астана сотында сот тергеуі аяқталды. Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша жарыссөз барысында прокурор оларға нақты жаза мерзімін сұрады.

Еске сала кетейік, 14 сәуірде сотта блогер Эльмира Төлегенова кінәсін ішінара мойындады. Бұған дейін процесс барысында блогер Ерболат Жанәбілов жауап берген. Ол да сотта кінәсін ішінара мойындап, көзіне жас алған болатын.

"Мен неге дәл біз екенін түсінбеймін. Бұл ата-анамызға өте ауыр тиіп жатыр. Мен түсінбеймін: бәлкім, біреудің жолын кескен шығармыз? Менің орнымда кез келген адам болуы мүмкін. Бүгін болмаса, ертең. Мен тіпті жауларыма да мұндай жағдайға тап болып, сот алдында тұруды тілемеймін", - деді ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама