ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мамыр 2017 | 15:10
Бір жынысты некені заңдастыру жайлы қазақстандықтардың пікірі - зерттеу
"АСТ Қазақстан" зерттеу компаниясы қазақстандықтардың гомосексуализмге қалай қарайтындығын білу үшін зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"АСТ Қазақстан" зерттеу компаниясы қазақстандықтардың гомосексуализмге қалай қарайтындығын білу үшін зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зерттеу кезінде сауалнамаға қатысқандардың 46 пайызы гомосексуализмді дерт немесе психикалық жара салдары деп сипаттауға болатынын айтқан. Сауалға жауап бергендердің үштен бірі гомосексуализм моральдық құндылық жоғалғанда пайда болады деген ойда. Ал қалған 13 пайыз адам гомосексуализмді жақтады.
Жасы үлкен қазақстандықтар (55 жас және жоғары) гомосексуализм адам физиологиясына қатысты емес, тәрбие мен мәдениеттің жоқтығында деген пікірде. Ал жастар (18 бен 34 жас аралығы) гомосексуализм болуға құқылы сексуалдық бағыт екенін айтады.
Сауалнамаға қатысқандардың 22 пайызы гомосексуалистер мен лесбилерді оқшаулау керек деген ойда. Өз кезегінде бұл пікірді айтушылардың көпшілігі (44 пайызы) 65 жастан асқандар.
Сауал қойылғандардың 20 пайызы сексуалдық азшылыққа психологиялық және өзге де көмек беру керектігін, ал өзге 20 пайыз адам оларды емдеу қажеттілігін айтады. Ал 13 пайыз адам гомосексуалистерді елден шығарып тастау керек деген пікірді ұстанады.
Сауалнамаға қатысқан отандастарымыздың 15 пайызы гомосексуал және лесбилерге тиіспей, өз жайына қалдыру керек деген ойда.
Қазақстандықтардың басым көпшілігі (81 пайыз) бір жынысты некені заңдастыруға қарсы. Мұндай некені қолдаушылар саны 1 пайыз ғана.
Зерттеу Қазақстанның 7 облысында 2017 жылдың 18 наурызы мен 4 сәуірі аралығы қала және ауыл тұрғындары арасында жүргізілді. Зерттеу жеке сұхбат әдісі арқылы жүргізілді, респонденттер N=1000. Мұндағы қателік деңгейі 5 пайызды ғана құрайды.
Показать комментарии
Читайте также