ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ақпан 2021 | 16:22
"Бір күн де бос емес". Қазақстандықтар "Отбасы банкіне" шағымданды
Желіде қолданушысы Нұр-Сұлтандағы "Отбасы банк" бөлімшесіне бір ай бойы кіре алмай жүргенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде қолданушысы Нұр-Сұлтандағы "Отбасы банк" бөлімшесіне бір ай бойы кіре алмай жүргенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ("Отбасы банк") бөлімшесіне ақпанда кіру мүмкін емес. Кеше арнайы шотқа зейнетақы жинағымның бір бөлігі түсті. (...) "Отбасы банк" филиалына баруға жазыла алмаймын. Жазылу сайтта онлайн жүргізіледі. Ақпанның бос күндерінен тек 22, 23 ақпан ғана бар. Бұл күндер де бос болмай шықты. Осылай өтінімді растау үшін берілген 45 күн өтіп кетуі де мүмкін. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", айтыңыздаршы, не істеу керек?" - деп жазды Әйгерім Әбілмәжитова Facebook желісінде.
Әлеуметтік желідегі жазбаға "Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова жауап берді.
"Бізге міндет қойылды, бірақ жаңа адамдар берілмеді. Мерзімінен бұрын өтеу мен қосымша келісімге қол қою процесін интернет-банкингке шығарамыз. 20 күн қажет деп ойлаймын. Мемлекеттік сатып алу ережелері "Отбасы банк" үшін де, мемлекеттік ұйымдарға да (бірдей- еск.). Қызмет көрсетуге тендер өткізгенше, ол ескіріп, ешкімге қажет болмай қалады. Жалпы, жағдай осындай көңілді", - деп жазды Ләззат Ибрагимова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также