11 қазан 2021 09:24

Бір күнде 68 жол апаты: Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 11 қазанда ауа райы нашарлайды, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деген болжам бар. Көліктеріңізге қысқы дөңгелек салып, баратын жерлеріңізді алдын ала жоспарлауды, жол жүру барысында ара қашықтықты сақтап, абай болуларыңызды сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.

"Елордада бір тәулік ішінде 68 жол апаты тіркелді, зардап шеккен бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше қамқорлық қажет", - деп толықтырды департамент.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда көктайғақ пен тұман күтілетіні хабарланған болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram