25 тамыз 2023 17:25

"Бір сыныпта 52 оқушы". Астана мектептерінде орын жеткілікті ме?

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордалық білім басқармасы қала тұрғындарының сыныпта бала санының көптігі мен мектептердің жетіспеушілігі туралы наразылығына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық білім басқармасы қала тұрғындарының сыныпта бала санының көптігі мен мектептердің жетіспеушілігі туралы наразылығына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл әлеуметтік желіде Астана мектептерінде бір сыныпта 52 бала оқуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Қазір орта есеппен қала мектептерінде бір сыныпта қанша бала оқиды" - деп сұрады журналистер елордалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтен.

Шенеунік Астана мектептерінде оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесі өте өткір екенін мойындады. Қазіргі уақытта қалада 26 мың балаға орын жетіспейді.

Реклама
Реклама

"Сегіз мектепте балалар үш ауысымда оқиды. 18 мектепте бала саны өз сыйымдылығынан асып кеткен. Бірақ, бір сыныпта 52 бала оқиды деген дерек жоқ. Елорда мектептерінде бір сыныпта 30-дан 34-ке дейін бала, үш ауысымды мектептерде-35-36 бала оқиды", - деп жауап берді ол.

Бұған дейін қала әкімдігі Астанада мектеп тапшылығы мәселесі қашан шешелетінін түсіндірген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram