Бір тәулікте кемінде 17,5 мың адам коронавирус жұқтырады - ДСМ болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жаңартылған болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жаңартылған болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оптимистік сценарий бойынша ревакцинациямен халықтың 100 пайызы қамтылғанда, бір тәулікте кемінде 17,5 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Реалистік сценарийге сәйкес, ревакцинациямен халықтың 70 пайызы қамтылса, тәулігіне 25,5 мың жағдайға дейін жетуі мүмкін. Пессимистік сценарий бойынша ревакцинация салдырған халық саны 40 пайыздан төмен болса, алдын алу шаралары сақталмаса, тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны 40 мыңға дейін", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға халық көп жиналатын жерлерге бармауды, ұжымдық іс-шараларды өткізбеуді, масканы қоғамдық орындарда ғана емес, көшеде де тағуды ұсынды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама