02 маусым 2021 | 09:27

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 қазақстандық қайтыс болды

© Тұрар Қазанғапов

21 қазақстандық бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

21 қазақстандық бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

2 маусымда КВИ-ден 26 137 адам (25 556 КВИ+ және 581 КВИ–) ем алуды жалғастырып жатыр, оның ішінде стационарларда - 9 702 пациент, амбулаториялық емдеуде - 16 435 пациент.

КВИ+ және КВИ- науқастары ішінде:

Реклама
Реклама
  • ауыр халде - 609 науқас,
  • аса ауыр дәрежедегі жағдайда - 139 науқас,
  • ӨЖЖ аппаратында - 84 науқас.

Кейінгі тәулікте 18 қазақстандық коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап өліммен аяқталған жағдайлар саны - 3 992.

2021 жылдың 2 маусымына коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмониямен ауыру туралы ақпаратқа келсек, 31 мамырда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 123 жағдайы тіркелді, үш адам қайтыс болды және 60 адам айықты. 1 тамыздан бастап тіркелгендердің жалпы саны: ауру - 55 386, өлім - 916, сауыққандар - 51 433.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная